
GROHE PUREFOAM
СӘНДІ ЖЫЛЫ КӨБІГІ БАР ДУШҚА ЖАҢА КӨЗҚАРАС
Релаксацияның жаңа көкжиектерін ашатын GROHE Purefoam инновациялық технологиясымен бірге күн сайын душқа түсуді өзіңізге күтім жасаудың сәнді рәсіміне айналдырыңыз. Түймені бір рет басқанда, бұл революциялық функция сабынды сізді жайлылық сезімімен бүркейтін жылы, жеңіл көбік бұлтына айналдырады. GROHE Purefoam интуитивті түсінікті басқарыла отырып, қолданыстағы душ жүйесіне оңай кіріктіріледі де, оның қиындықсыз жаңартылуын қамтамасыз етеді.
Kinuami сабынының бес эксклюзивті түрінің бірін таңдап, өз сезімдеріңізді толықтырыңыз, олардың әрқайсысы тартымды хош иіске ие және күш-қуатты қалпына келтірудің бірегей рәсімін жасауға мүмкіндік береді. GROHE Purefoam-мен әр күніңізді ерекше етіңіз және кәдімгі душтың жайлы үй жағдайында сәнді сауықтыру процедурасына айналатынын сезіңіз.
Түймені бір рет басып, көбік түзудің инновациялық режимін іске қосыңыз да, барқыт тәрізді көбіктің теріңізді бүркеп алғанын сезіңіз. Бұл озық технология душқа түсуді релаксация мен ләззат көзіне айналдырады.
Kinuami сабынының нәрлендіретін қасиеттерінің арқасында көбіктің әр микрокөпіршігі теріге нәзік қамқорлық пен жайлылық сезімін сыйлайды. Күн сайын душқа түсуді сіз асыға күтетін күш-қуатты қалпына келтіру және нағыз ләззат алу көзіне айналдырыңыз.
ӨНІМ СИПАТТАМАЛАРЫ
GROHE PUREFOAM ПАЙДАЛАНУ ЖОЛЫ
GROHE Purefoam-мен танысыңыз: сезімді ләззат пен сәнді көбік үйлесімі.
- 1-қадам: Су беру режимінен бастаңыз
Суды қосып, әдеттегідей душқа түсе бастаңыз.
- 2-қадам: Көбік беру режимін қосыңыз
Көбік беру режиміне ауыстырып қосу үшін жай ғана GROHE Purefoam құрылғысындағы түймені басыңыз.
- 3-қадам: Өзіңізді жібектей көбікпен ораңыз
Жылы әрі нәзік көбіктің теріңізді бүркеп алып, күні бойына ылғалдандыру, балғындық және күш-қуат сыйлайтынын сезіңіз.
- 4-қадам: Көбікті сумен шайып кетіріңіз
Цикл аяқталғаннан кейін, жүйе автоматты түрде су беру режиміне ауысады.

GROHE PUREFOAM БАСТАПҚЫ ЖИНАҚТАРЫ
Душқа түсуді сезімді ләззат көзіне айналдыратын GROHE Purefoam бастапқы жинағымен танысыңыз. GROHE Purefoam құрылғысы түймені бір рет басқанда, жылы әрі нәзік көбік бұлтын жасайды. Жинаққа GROHE Purefoam құрылғысы, қолға ұстайтын душ, екі құбыршек, аккумулятор, зарядтау құрылғысы және Kinuami Mint сергітетін сабыны кіреді.
GROHE PUREFOAM ЖИЫНТЫҚТАРЫ

НЕЛІКТЕН ДӘЛ KINUAMI?
Kinuami сабыны GROHE Purefoam үшін эксклюзивті түрде әзірленген. Душқа түскен кезде, керемет сезімдер сыйлайтын жібектей көбіктен ләззат алыңыз. Вегандық формула теріге ұқыпты күтім жасап, таңдаулы хош иіс қалдырады және оның құрамында зиянды парабендер мен микропластик жоқ. Kinuami — денеге күтім жасаудың жаңа деңгейі.
Shower

ҚАЙДАН САТЫП АЛУҒА БОЛАДЫ
GROHE Purefoam-ның барлық артықшылығын жақын жердегі дүкенде өзіңіз бағалаңыз. Біздің іздеу құралымыздың көмегімен өзіңізге жақын орналасқан серіктес дүкенді тауып, жеке кеңес, орнату жөнінде кәсіби көмек, жеке қызмет көрсету және сарапшылық ұсыныстар алыңыз.

ОРНАТУ БОЙЫНША КӨМЕК
Орнату бойынша көмек алу үшін желіміз арқылы сантехниканы орнату жөніндегі маманды табыңыз. GROHE өнімдерін ванна бөлмеңізге сапалы әрі жедел орнатуды қамтамасыз ететін білікті мамандарды табу үшін біздің іздеу құралымызды пайдаланыңыз. Кәсіпқой мамандарға сенім артыңыз!