Сервис туралы

Жиі қойылатын жалпы сипаттағы сұрақтар: тапсырыс беру және қайтару, қосалқы бөлшектер мен жөндеу

Көтерме тапсырыс беру үшін GROHE сату бөліміне қалай хабарласуға болады?

GROHE компаниясы көптеген елдерде жұмыс істейді. Сіздің өңіріңіздегі GROHE компаниясының өкіліне хабарласу үшін төмендегі сілтемеге өтіңіз:

Байланыс ақпараты

Маған зақымдалған бұйым келді. Не істеуге болады?

Форманы толтырыңыз https://service.grohe.kz/appeal/

Немесе 8 775 007 05 27 байланыс орталығына хабарласыңыз

Жөндеу

GROHE бұйымдарын өз бетімше қалай жөндеуге болады немесе мұндай жөндеуді кім жасай алады?

Егер сізге жөндеу қажет болса, өтінішті келесі сайтта қалдырыңыз:

https://service.grohe.kz/appeal/

GROHE бұйымдарын өз бетімше жөндеуге бола ма әлде бұл үшін GROHE компаниясына хабарласу керек пе?

Жөндеуді GROHE уәкілетті сервис орталығына тапсыруды ұсынамыз. Сіздің өтінішіңіз кепілдендірілген болса, оны уәкілетті сервис орталығы ғана тегін орындай алады. Сонымен қатар біз тек уәкілетті сервис орталықтарының құзыретіне сенімдіміз.

https://service.grohe.ru/appeal/

Қосалқы бөлшектер

Қосалқы бөлшектерге тікелей GROHE компаниясында тапсырыс бере аламын ба?

Жоқ. Барлық қосалқы бөлшектерді серіктестеріміз бен сервис орталықтары сатады.

Қосалқы бөлшектің дұрыс нөмірін қалай білуге болады?

Бұйымның техникалық ақпараты бар қосымша парағын тексеріңіз. Онда барлық қосалқы бөлшектер тізімделген және олардың SKU (тауар позициясының сәйкестендіргіштері) көрсетілген. Сондай-ақ біздің веб-сайтымызға кіріп, өз бұйымыңызды сүзгі арқылы таба аласыз. Оған қатысты барлық файлдар бұйымның бетінде орналастырылған.

Менің бұйымыма арналған қосалқы бөлшектің бар-жоғын қалай білуге болады?