ВАННА БӨЛМЕСІНЕ АРНАЛҒАН АКСЕССУАРЛАР

GROHE ванна бөлмесінің аксессуарлары интерьерді толықтырады. Сіз таңдаған стиль қандай болса да, GROHE ассортиментінен ванна бөлмесін жабдықтауда керемет соңғы екпін қоюға мүмкіндік беретін аксессуарлар жинақтамасын таба аласыз.

GROHE ванна бөлмесінің аксессуарларын жасай отырып, біз сүлгілерге арналған кермелер мен сабын мөлшерлегіштерінен бастап дәретхана ысқыштары мен монша халаттарына арналған ілгектерге дейін барлық бөлшектерді қарастырдық. Ассортиментімізден керемет дизайны мен керемет функционалдығы бар барлық қажетті аксессуарларды таба аласыз. Олар сіздің ванна бөлмеңізді көптеген жылдар бойы безендіреді.

Selection

Нақты орындалған органикалық пішіндерге ие GROHE Selection аксессуарлары эстетика мен функционалдылықты біріктіреді. GROHE Plus, Essence және Lineare араластырғыштары топтамаларымен үйлесімді дизайн және он жабын арасынан таңдау мүмкіндігі Selection аксессуарларына интерьер шешімінде керемет соңғы екпін болуға көмектеседі.

Selection

Selection Cube

Өткір сызықтар мен текше стилі жинақы заманауи эстетикаға тамаша сәйкес келетін Selection Cube аксессуарларының күшті дизайнының негізінде жатыр.

Selection Cube

Essentials

Бір уақытта оңтайлы және әмбебап таза сызықтары бар заманауи модельдер. Essentials аксессуарлары – кез келген ванна бөлмесінің интерьерін жаңартудың тамаша тәсілі.

Essentials

Essentials Cube

Кубизм эстетикасынан шабыттанған талғампаз силуэттер Essentials Cube аксессуарлар топтамасын минималистік стильдегі заманауи ванна бөлмелерінің тамаша қосымшасы етеді.

Essentials Cube

Essentials Authentic

Классика – бұл барлық уақыттағы стиль, ал Essentials Authentic аксессуарлар топтамасы дәстүрлі интерьерлердің талғампаз сұлулығына ең жақсы сүйемелдеу болып табылады.

Essentials Authentic

Bau Cosmopolitan

"Баухаус" сәулет стилі рухында жасалған Bau Cosmopolitan топтамасындағы аксессуарлар кез келген интерьерге эстетикалық үйлесімділік әкеледі. Олардың минималистік дизайны GROHE Bau сериялы араластырғыштардың барлық топтамасымен үйлеседі, ванна бөлмесінің кеңістігіне пропорционалдылық пен тыныштық қосады.

Bau Cosmopolitan

ТҮСТЕГІ ВАННА БӨЛМЕСІ

Егер әдеттегі хром аксессуарларының орнына ванна бөлмесінде сары немесе қызғылт алтын, күміс немесе графитпен қапталған жабдық элементтерін көргіңіз келсе, оларды GROHE ассортиментінен таба аласыз. Біз ванна бөлмесінің араластырғыштарының, душтардың және аксессуарлардың әртүрлі түстері мен фактуралары бар әртүрлі модельдерін шығарамыз. Олар сіздің талғамыңызға, стиліңізге және түстер бойынша қалауыңызға сәйкес келетін ванна бөлмесінің ерекше интерьерін жасауға мүмкіндік береді.

GROHE Colors