GROHE термостат топтамалары

Душ қабылдау кезінде демалуға мүмкіндік беретін температураны дәл бақылау

GROHE термостаттарын әзірлей отырып, біз ең сезімтал "құрылғыға" – адам терісіне назар аударамыз. Біздің прогрессивті Grohtherm термостаттарымыз ыстық және суық суды сіз орнатқан пропорцияда араластыруға жауапты. GROHE TurboStat технологиясы – бұл революциялық техникалық әзірлеме: ол белгіленген температурада суды лезде жеткізуді және оны тұрақты ұстауды қамтамасыз етеді. Біздің әрбір термостатымыз – бұл дизайнның нәзік және ерекше нюанстары бар шағын техникалық ғажайып.

Мүмкін болатын үнемділікті есептеңіз!

GROHE Ondus Aquafountain электрондық душ жүйесі

GROHE термостаттарымен су мен энергияны үнемдеңіз

Біздің су және энергияны үнемдеу калькуляторымыз сіз үшін GROHE EcoButton және GROHE Turbostat функциялары бар GROHE термостатынан үнемділікті бірден есептейді. Бірнеше қадаммен сіз бір жылда қанша энергия мен қаражатты үнемдей алатыныңызды білесіз.

Су мен энергия үнемділігін есептеуді бастау

Барлық топтамаларымызды қарау

Shower Collections

GROHE душ жабдығы

GROHE душ жүйесін пайдаланған сайын тамаша душтан ләззат алыңыз. Біздің душ жүйелеріміз GROHE DreamSpray технологиясымен жабдықталған, ол барлық душ форсункасы арқылы су ағынының біркелкі таралуын қамтамасыз етеді.

Душ топтамалары

Ванна бөлмесіне арналған GROHE

Ванна бөлмесіне арналған GROHE араластырғыштарында марапаттарға ие болған дизайн сапалы материалдармен және саланың ең озық технологияларымен үйлеседі. Әр топтама ванна бөлмесінің заманауи керамикасымен үйлесетін және әртүрлі стильдегі қалауларға сәйкес келетін модельдердің кең типологиясымен ерекшеленеді.

Ванна бөлмесіне арналған топтамалар
WC Solutions - Flush Plates & Sanitary Systems

Дәретхана шешімдері – шайып жіберу панельдері және санитарлық жүйелер

Біздің инсталляциялық жүйелеріміз, кіріктірілген шаю шанашықтары, шаю клапандары және шайып жіберу панельдері ең заманауи аспалы фаянс аспаптарын қолдана отырып, жоғары деңгейдегі ванна бөлмелерін жабдықтау жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. GROHE EcoJoy технологиясымен жабдықталған шаю шанашақтарымыз және шайып жіберу панельдеріміз суды артық күш салмай үнемдеуге көмектеседі.

Шайып жіберу панельдері және санитарлық жүйелер