
GROHE ДУШ ЖҮЙЕЛЕРІ МЕН ГАРНИТУРЛАРЫ
КЕЛЕСІ ҚАДАМ - СІЗДІКІ

ДУШ ҚАБЫЛДАУДАН ЛӘЗЗАТ АЛУДЫ АШЫҢЫЗ
ДУШ ҚАБЫЛДАУДАН ЛӘЗЗАТ АЛУДЫ АШЫҢЫЗ
Бірегей душ жасау үшін судың барлық физикалық қасиетін пайдаланыңыз. Үлкен немесе өте үлкен; қабырғаға немесе төбеге монтаждау; GROHE душ жүйелері мен термостаттары барлық пішіндерде, стильдерде және өлшемдерде болады - әрбір өнім сіздің қажеттіліктеріңізді ескере отырып және сізді қуанту үшін жасалған.

GROHE Smartcontrol Configurator

GROHE Smartcontrol Configurator
Find the right GROHE shower that will fit your needs.
Help Me Choose
Онлайн сатып алу
Қазір сатып алу
Дүкеннен сатып алу
Сантехникті шақыру
GROHE БЕЙНЕҰСЫНЫСТАРЫ
Сіз душ гарнитурын белгілі бір өлшемшарттар бойынша алғыңыз келеді, бірақ техникалық сипаттамалардың терминологиясы тым күрделі болып көріне ме?
Елестетіп көріңізші — мінсіз нұсқаны табу оңай. GROHE бейнеұсыныстары сізге қолайлы душ араластырғышын қадам-қадаммен таңдауға көмектеседі.
Қарауға өту
GROHE ТЕРМОСТАТТАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
МІНСІЗ ДУШТЫҢ НАҒЫЗ ҚОЗҒАЛТҚЫШЫ
GROHE душтары мен термостаттарын жасаған кезде, ең сезімтал термометрді - терімізді үлгі ретінде алдық. GROHE революциялық термостаттары ыстық және салқын судың пропорциясы сізге қажетті шамада болатынына кепілдік береді. GROHE TurboStat - бұл су қысымының ауытқуы кезінде бірнеше секунд ішінде (жылдам болғаны соншалық, сіз өзгерістерді сезбейсіз де) қажетті душ температурасын қамтамасыз ететін және оны душ қабылдаудың бүкіл уақыты бойы тұрақты етіп сақтайтын жетілдірілген технология.
GROHE SMARTCONTROL
ДУШ ҚАБЫЛДАУ КЕЗІНДЕ СІЗ ТОЛЫҒЫМЕН БАСҚАРАТЫН САЛТАНАТТЫ СЕЗІМДЕР
GROHE SmartControl – судың қысымы мен температурасын оңай реттеуге, қажетті ағыс режимін таңдауға, сондай-ақ жоғарғы және қолға ұстайтын душтар арасында ауысуға мүмкіндік беретін инновациялық душ басқару жүйесі. Қысымды үнемдіден максималды деңгейге дейін арттыру және азайту үшін GROHE ProGrip реттегішін айналдырыңыз. Суды беруді үзіліске қою үшін реттегішті басыңыз. SmartControl келесі қосуға дейін сіз белгілеген баптауларды сақтайды.

Душты қосу үшін реттегіштегі түймені басыңыз.

Қысымды үнемдіден максималды деңгейге дейін баптау үшін реттегішті айналдырыңыз.

Душты сөндіру немесе тоқтата тұру үшін түймені тағы да басыңыз. Келесі жолы қосқан кезде, қысымның белгіленген баптаулары сақталады.
GROHE АҒЫС РЕЖИМДЕРІ – КҮШТІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ НЕМЕСЕ БОСАҢСУ?
GROHE душының бірегей құрылымы әр форсункаға бірдей су мөлшерін беруге мүмкіндік береді, бұл суды біркелкі таратуды қамтамасыз етеді. Демек, көңіл-күйіңізге байланысты қай ағыс режимін таңдасаңыз да - Rain, SmartRain, Jet немесе Massage - міндетті түрде ұмытылмас әсер аласыз. TrioMassage және ActiveRain режимдері - бұл GROHE DreamSpray технологиялық инновацияларының соңғы айқын мысалдарының бірі.

RAIN
РЕЖИМІ
Көлемді және қанық - теріні жайландыруға арналған жұмсақ, нәзік ағыс режимі. Жаздың жылы жаңбырына еліктей отырып, бұл ағыс режимі толық және біркелкі қамтуды қамтамасыз етеді.

SMARTRAIN
РЕЖИМІ
Rain ағыс режимінің барлық функциялары мен артықшылықтары, бірақ су шығыны азаяды. Ақылды режим душ қабылдаудан барынша ләззат алуыңыз үшін суды аз пайдаланады.

ACTIVERAIN
РЕЖИМІ
Ширыққан бұлшықеттерді босаңсытуға немесе сусабынды шаштан тиімді жуып кетіруге арналған инновациялық ағыс режимі.

TRIOMASSAGE
РЕЖИМІ
Жаңартылған Bokoma режимі мен екі массаж ағысының үйлесімі: бір біріктірілген ағыс режимінде жағымды массаж жасау үшін.