GROHE БЕЙНЕҰСЫНЫСТАРЫ

Душ гарнитурын белгілі бір өлшемшарттар бойынша алғыңыз келеді, бірақ техникалық сипаттамалардың терминологиясы тым күрделі болып көріне ме? Ванна бөлмеңізде душ термостатын орнатуға болатынына сенімді емессіз бе? Көп сұрақтар туындайды ма?

Елестетіп көріңізші – бір ғана бейнені көріп, тамаша нұсқаны таба аласыз. GROHE бейнеұсыныстары сізге қолайлы душ гарнитурын қадам-қадаммен таңдауға көмектеседі. Мұндай жабдық ұзақ уақытқа орнатылады, сондықтан оны таңдауға мұқият қарау керек.

Көпіршікті ванналарды ұнататындар да, тез сергітетін душтың жанкүйерлері де душқа арналған араластырғыштар туралы барлық сұрағына жауап таба алады. Біз сізге оңтайлы шешім табуға көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.

Душ термостаты дегеніміз не және ол қалай жұмыс істейді?

Бұл бейне сізді құрылғымен, душқа арналған термостатикалық араластырғыштың жұмысымен және артықшылықтарымен таныстырады. Сіз онымен душ қабылдау кезінде су температурасының күрт өзгеруі мәселесін қалай шешуге болатынын білесіз, душ қабылдауды балалар үшін қауіпсіз ете аласыз, душта қызып кеткен металл беттерге күйіп қалудың алдын аласыз және су шығындарын азайта аласыз. Біз сізді әртүрлі стильдегі душ термостаттарымызбен таныстырамыз, бұл сізге ең жақсы нұсқаны таңдауға көмектеседі.