
GROHE COLORS ТОПТАМАСЫ
СІЗДІҢ ИДЕЯҢЫЗДАН ШАБЫТТАНЫП, GROHE ЖҮЗЕГЕ АСЫРҒАН
Жуынатын бөлме енді белгілі бір мақсатқа арналған кеңістік қана емес, ол күш-қуатты қалпына келтіру әрі демалу орнына айналды. Жуынатын бөлмеңіздің өлшемі немесе өзіңізге ғана тән дара стиль қандай болса да, үйіңіздегі эстетикалық талғаммен мінсіз үйлесетін жуынатын бөлмені таба аласыз. Кеңістігіңізге ең соңғы үрдістерді енгізудің тамаша тәсілі - жай ғана түрлі түсті шүмек, душ немесе қосалқы бөлшек орнату. Бізді GROHE Colors топтамасын жасап шығаруға итермелеген себеп те осы.
Біз жуынатын бөлмедегі заттар түйісетін барлық жерлерге арналған түстер мен әрлеу қабаттарын мұқият таңдадық. Бұл әр элементтің шынайы біркелкілігінің арқасында сіз қалаған түрлі түсті жуынатын бөлмені шындыққа айналдыруға мүмкіндік береді. Бұл жай ғана кездейсоқтық емес, таңдау толығымен өз еркіңізде.
GROHE COLORS НҰСҚАЛАРЫ
GROHE Colors топтамасында әрлеу қабаттарының алуан түрлі нұсқалары ұсынылады. Бұл сізге өзіңізге ұнайтын ерекше стильге сәйкес сантехникалық жабдықтарды таңдауға мүмкіндік береді. Классикалық, нәзік эстетика ретінде күңгірт кешкі арай түсінде берілген Essence топтамасы - жуынатын бөлмедегі жылы түстерді әдемі толықтыратын үздік таңдау. Әсем, күңгірт әрлеу қабаты қара тас немесе бетон секілді материалдармен тамаша үйлесіп, жылтыр түс қосатын, өзектілігін жоғалтпайтын дизайнымен ерекшеленеді.
Осы стильді нұсқалар мұқият ойластырып жасалған дизайнымен және заманауи өзгешелігімен танымал Atrio топтамасын да толықтырады. Әдеттен тыс батыл бейне немесе ұстамды бейне жасағыңыз келсе де, GROHE Colors топтамасы жеке талғамыңызды бейнелеу үшін жуыну бөлмесін таңдау кезінде икемділік ұсынады.
GROHE COLORS - ДАРАЛЫҒЫҢЫЗДЫ КӨРСЕТІҢІЗ
GROHE Colors топтамасында әрлеу қабаттарының түрлері өте көп, сондықтан жуынатын бөлмеге көбірек түс қосқыңыз келсе де, хроммен қапталған фурнитурадан жалықсаңыз да, өзіңіз іздеген нәрсені таба аласыз.
Күңгірт кешкі арай секілді жылы, еліктіретін реңктерден бастап, ерекше күңгірттігімен, бетінің тегістігімен сипатталатын, жаңа әйгілі GROHE күңгірт қара түстер палитрасына дейінгі таңдаулар арасынан өзіңіз армандаған түске боялған әрлеу қабатын таба аласыз. Ол көп ұзамай сіздің жуынатын бөлмеңізді безендіре алады!
СУПЕРБОЛАТ
Күңгірттеу түспен әрленген, хромдалған фурнитураны ұнататын дәстүршіл адамдар үшін тамаша таңдау. GROHE суперболат түсі сүйікті классикаға заманауи келбет береді. Болаттан жасалатын кез келген фурнитураға сәйкес келетін бұл әрлеу жуынатын бөлмеге сәнді көрініс беріп қана қоймай, ашық түсті мәрмәр, бетон, реңкі орташа ағаш материалдарымен тамаша үйлеседі.
Танысу




КЕШКІ АРАЙ
Бұл әрлеу - раушан гүлінің жұмсақ реңктері бар қызғылт түстерді жақсы көретін адамдарға тамаша таңдау, ол индивидуалистердің көңілінен шығатын кішкене сән енгізеді. GROHE кешкі арай түсінен жасалған фурнитуралар жуыну бөлмесінің ерекше, жайлы дизайндарын толықтырып, әсемдік береді. Оны қара таспен, мәрмәрмен немесе бетонмен үйлестіріңіз.
Жуынатын бөлмеге текстураны енгізгіңіз келсе, күңгірт кешкі арай түсті GROHE фурнитуралары - үйлесімді, теңдестірілген дизайн жасаудың оңтайлы шешімі. Жуынатын бөлмеде тыныштандыратын, органикалық атмосфера жасау үшін бұл түсті ағаш және тас секілді табиғи материалдармен бірге қолданыңыз.
Танысу





ҚАРА ГРАФИТ
Күңгірттеу, қара-сұр түстерді ұнататын және өз ойын жария еткісі келетін адамдарға арналған. Жуыну бөлмесіне таңдалған түстерге байланысты контраст жасау немесе жасыру тәсілдерін қолдануға болады. GROHE қара графитін аппақ түспен біріктіріңіз немесе реңктері бірдей ортамен үйлестіріңіз. Бұл әрлеуді бетон немесе ашық түсті ағаш секілді реңкі орташа материалдар тамаша толықтырады.
Бұл жуыну бөлмесіне заманауи өнеркәсіптік стиль бергісі келетіндер үшін жақсы таңдау. Күңгірт қара графит түсті GROHE шүмектері мен қосалқы бөлшектерін ең соңғы үлгідегі, сәнді дизайн жасау үшін бетон және металл беттермен немесе әсерлі контраст жасау үшін ағаш пен тас секілді органикалық материалдармен біріктіруге болады.
Танысу




ТАҢҒЫ АРАЙ
Таңғы арай түсті GROHE өнімдері әдемі алтын түспен әрленеді. Өз ойын жария еткісі келетін адамдарға арналған түс. Сәнділігімен және классикалық әдемілігімен ерекшеленетін жылтыр нұсқасы заманауи әрі винтаждық тартымдылыққа ие. Ол қара, ашық немесе ақ түсті интерьерлермен жақсы үйлеседі. GROHE күңгірт таңғы арай түсінің айқын реңкі оның жылтыр баламасына заманауи сипат береді. Түсі осындай фурнитураларды әйнек, керамика және тас секілді материалдармен оңтайлы үйлестіріп, ғажайып стиль тудыруға болады.
Танысу





ҚАРА
Жиі назардан тыс қалатын қара түс - кез келген бөлменің сәнділігін арттыратын және адамға өз ерекшелігін көрсетуге мүмкіндік беретін түс. Осыған орай, таңдаулы сәнділігімен баурап алатын таңғажайып фантомдық қара және күңгірт қара атты қара түстердің реңктерін ұсынамыз. GROHE-нің қара түсті өнімдер топтамасына кіретін, премиум фантомдық қара қосымша беріктік үшін лакпен қапталған, ал күңгірт қара коррозияға, тозуға және сызаттарға төзімділігін арттыру үшін ұнтақпен қапталған. Бөлме сәнді болу үшін қара мәрмәр секілді беттері қара түсті заттармен немесе әсерлі контраст жасау үшін ашық түсті гранит және бетон секілді бозғылт материалдармен үйлестіріңіз.
Танысу





ЖЫЛТЫР БОЛАТ
Жылтыр болат түспен әрлеу жылтыр қабатпен қоса, тегіс, заманауи эстетиканы ұсынады. Бұл әрлеу таңғы уақытта күн түскен кезде жайлы табиғи жарық түсіріп, бөлменің атмосферасын толықтырады және кеңістіктің тыныштығын арттырады. Жылтыр болаттан жасалған әрлеу күңгірт ақ түсті емен және сарғыш күңгірт лак секілді материалдармен жақсы үйлеседі, оларды ішкі және сыртқы элементтері біріктірілген, заманауи жуыну бөлмелері үшін қолдануға болады. Беріктігінің жоғары болуы, коррозияға төзімділігі ұзақ уақыт пайдалануға және оны қолданған сайын жағымды тактильді сезім алуға мүмкіндік береді.Ол - жуыну бөлмесінде тыныштандыратын, сәнді атмосфера жасауға арналған оңтайлы шешім.
Танысу







ЖЫЛТЫР ГРАФИТ
Жылтыр графит ұстамды сәнділікпен сипатталады, оның күңгірт беті кез келген заманауи жуыну бөлмесіне ерекшелік береді. Бұл жайлы, жанама жарықты және интерьердің жылы атмосферасын толықтырып, ымырттық күйге бөлейді. Жылтыр графит текстураланған, ақ түске жақын қабырғалармен және тас кафельдермен жақсы үйлеседі, ол күндізгі уақыттан түнгі уақытқа баяу ауысатын біртұтас, алаңсыз кеңістік тудырады. Оның беріктігі мен коррозияға төзімділігі оны сәнді етіп қана қоймай, ұзақ уақыт бойы жуыну бөлмесінің премиум фурнитуралары бойынша сарапшылардың таңдайтын өніміне жатады.
Танысу








GROHE PVD ТЕХНОЛОГИЯСЫ МЕН GROHE COLORS ТОПТАМАСЫ – ҰЗАҚҚА СОЗЫЛАТЫН ҮЙЛЕСІМ
GROHE Colors топтамасы ондаған жылдар өтсе де, оны алғаш рет көріп ұнатқан әдемілігін жоғалтпайтындай жасалған, ол әрлеу қабатының сапасы жоғары болу үшін теңдессіз, берік, сызаттарға төзімді GROHE PVD озық технологиясымен қамтамасыз етіледі. Вакуумдық тозаңдату (PVD) процесі зат бетінің құрамының сызаттарға он есе төзімдірек және хроммен салыстырғанда үш есе қаттырақ болуын қамтамасыз етеді, бұл шүмектер мен араластырғыштардың үйкеліске төзімділігін арттырып, ұқыпсыз қолданылған жағдайда зақымдалудан қорғайды. Бұл PVD-мен қапталған түстердің біркелкілігі арқылы көрінеді, материалдың әрбір қабаты жоғары дәрежелі дәлдікпен жасалған. GROHE қоршаған ортаны қорғау қағидасын ұстанатындықтан, сондай-ақ үздік сапалы өнімдерге кепілдік беретіндіктен, GROHE Colors топтамасын жасау үшін PVD технологиясын қолдану кезінде зиянды химиялық заттар пайдаланылмайды, яғни сіздің сәнді әрі жоғары сапалы фурнитураларыңыз жерге кері әсерін тигізбейді және ұзаққа жарайды. Суперболат, кешкі арай, таңғы арай және қара графит нұсқаларында қолжетімді.

ҚАЙДАН САТЫП АЛУҒА БОЛАДЫ
Өз қажеттіліктеріңізге сәйкес жеке қолдау алу үшін өзіңіз қалаған GROHE серіктесінің шоурумына бүгін хабарласыңыз.

ОРНАТУ БОЙЫНША ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ
Барлық техникалық қажеттіліктеріңіз бен талаптарыңызды қанағаттандыра отырып, өнімді еш қиындықсыз орнату үшін орнату бойынша мамандармен кездесуді жоспарлаңыз.