
Minta Touch
Алғашқы жанасудан басталатын сүйіспеншілік
Заманауи, әсерлі, уақытқа бағынбайтын дизайн: GROHE Minta асүйлік араластырғыштарының танымал сериясы біздің ең жаңа әзірлемеміздің арқасында тағы да бір қадам алға жылжуда. GROHE Minta Touch араластырғышының кішкентай, бірақ өте маңызды ерекшелігі бар: EasyTouch сенсорлық технологиясының арқасында ол қолмен ластанбай, ең жеңіл түрту арқылы қосылады және өшіріледі. Егер сіздің қолыңыз ластанған болса, тұтқадан ұстаудың қажеті жоқ. Шүмекке білекті немесе тоқпан жілікті аздап тигізу жеткілікті, сонда су бірден қосылады және ажыратылады. Бұл қолайлы, гигиеналық технология араластырғыш тетігіне енгізілген, сондықтан Minta керемет дизайны өзгеріссіз қалды. MintaTouch моделі С тәрізді бұрылатын шүмекпен, жылжымалы аэратор су сепкішімен және жылжымалы аэраторы бар әсерлі Г тәрізді бұрылатын шүмекпен шығарылады – таңдау сіздікі.
ФУНКЦИЯЛАР

ТАЗАЛЫҚ ЖӘНЕ ГИГИЕНАЛЫЛЫҚ
Лас қолды жуу қажет болғанда да араластырғышыңыз таза болып қалады:
сіз білегіңізді немесе тоқпан жілігіңізді араластырғышқа тигізу арқылы суды қоса аласыз, бұл оның ластануын және бактериялардың тасымалдануын болдырмайды.

ДИЗАЙН МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІРІКТІРУ
Көрінбейтін технологиялар керемет дизайнмен үйлеседі.
Суды қосу/ажырату үшін араластырғыштың корпусын түрту жеткілікті.
Егер қолдарыңыз таза болса, судың температурасы мен қысымын араластырғыштың тұтқасы арқылы үйреншікті тәсілмен реттеңіз. GROHE Minta Touch - бұл сіздің асүйіңіз үшін ақылды шешім.

ЗАМАНАУИ, ӘДЕМІ, ИННОВАЦИЯЛЫҚ
Асүйдегі сантехника арасында ең танымал GROHE Minta араластырғышы техникалық кемелдік жағынан тағы бір сатыға көтеріледі.
Араластырғыш үш модификацияда шығарылады: біріншісі – С шүмегімен, екіншісі – L шүмегімен және жылжымалы аэратормен, үшіншісі – икемді құбыршектегі жылжымалы су сепкішпен.

БАЛАЛАР ҮШІН ҚАУІПСІЗ
Араластырғышты түрту арқылы қосқанда (EasyTouch функциясы арқылы) суық су беріледі. Сонымен қатар сіз Grohtherm Micro термостаттық араластыру құрылғысын орната аласыз, ол әдепкі бойынша бөлме температурасындағы суды беруге мүмкіндік береді және шарпудан қорғайды.
ОҢАЙ ОРНАТУ
Бұл араластырғышты монтаждау процедурасы өте қарапайым. Бейнеде көрсетілген қадамдық нұсқауларды орындаңыз, сонда Minta Touch араластырғышы тез арада жұмысқа дайын болады.
Кеңес: Бейнені бүкіл экранға үлкейтіп көру үшін бейнені іске қосқаннан кейін дыбыс деңгейін реттегіштің сол жағындағы белгішені басыңыз.