Араластырғыштар дизайны

Асүйлік араластырғыш - таңертеңнен кешке дейін үйдегі ең көп қолданылатын құрылғылардың бірі. GROHE асүйлік араластырғыштары күні бойы керемет беріліске арналған.

K7 Sink mixer

ДИЗАЙНЕРЛІК АСҮЙЛІК
АРАЛАСТЫРҒЫШТАР

GROHE ассортиментінен кез келген стильдегі және пайдаланушының кез келген сұранысына сай асүйлік араластырғыш табылады.

Біздің асүйлік араластырғыштарымыз – үйді бір стильде жабдықтауға арналған ванна бөлмелеріне арналған топтамаларымызбен үйлесетін модельдерден бастап, ең жаңа жартылай кәсіби үлгілерге дейін -– ұзақ жылдар бойы сенімді пайдалануға кепілдік береді.

Сіз үшін тамаша шүмек пішінін таңдаңыз

Асүйге арналған Minta сериялыараластырғыштарымыз C, U және L пішінді шүмектермен шығарылады.

Классикалық стиль

Дәстүрлі эстетиканы ұсынатын Екі шұралы араластырғыштарды Atrio және Aria топтамаларынан табуға болады.

Біздің барлық асүйлік араластырғыштарымыз сызаттар мен қажауға төзімді хром жабынымен шығарылады GROHE StarLight, бұл асүйде белсенді жұмыс жағдайында өте маңызды.

GROHE Minta асүйлік араластырғышы
ComfortHeight

ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА
БАҒЫТТАЛҒАН ФУНКЦИЯЛАРЫ БАР АСҮЙЛІК АРАЛАСТЫРҒЫШТАР

GROHE асүйлік араластырғыштары озық дизайнды және үй жұмысын жеңілдететін көптеген функцияларды біріктіреді.

Айналмалы шүмектер

Шұңғылшаны толтырғаннан кейін, сіз шүмекті айналдыра аласыз, ол сынғыш ыдыстарды немесе пештің үлкен ыдыстарын жууға кедергі келтірмейді.

Шүмек биіктігінің үш нұсқасын таңдау

Қандай нұсқаны таңдасаңыз да – жоғары, орташа немесе төмен – оның астына үлкен ыдыстар сыятынына сенімді бола аласыз.

Біздің кейбір асүйлік араластырғыштарымыз аскөкті жууға ыңғайлы және пісіруді жеңілдететін жылжымалы су сепкішпен немесе аэратормен жабдықталған.

Асүйлік араластырғыштар биіктігі әртүрлі шүмектермен жинақталады
K7 Sink mixer

КӘСІБИ ТҮРДЕГІ
АСҮЙЛІК АРАЛАСТЫРҒЫШТАР

Біздің кәсіби түрдегі асүйлік араластырғыштарымыз әуесқой аспаздар мен дизайн әуесқойларына ұнайды.

Олар әдемі ғана емес, сонымен қатар қолайлы болып келеді, ал кәсіби түрдегі функциялар жуғыштың жабдықталу деңгейін жоғарылатады.

Модель K4 360° айналатын шүмегі бар айқын бүгілген пішінді, ұзын құбыршектегі жылжымалы су сепкішпен жабдықталған және хром жабынымен GROHE StarLight немесе тот баспайтын болаттан жасалған берік GROHE RealSteel және сызаттарға төзімді жабынмен шығарылады.

Асүйлік араластырғыштар топтамасында K7 үйге кәсіби деңгейдегі жабдықты әкелетін араластырғыштар конфигурацияларының алуан түрлілігі ұсынылған.

Бір тесікті модельдердің ішінде жоғары шүмегі мен кәсіби түрдегі су сепкіші бар араластырғыш, сондай-ақ орташа шүмегі мен жылжымалы су сепкіші бар нұсқа бар.

Қосымша бөлек су сепкіші бар модельдер екі тесікке орнатылады: біреуі – араластырғыш үшін, екіншісі – бөлек су сепкіш үшін.

K7: жоғары шүмегі мен кәсіби түрдегі су сепкіші бар модель

Ұсынылған өнімдер

Atrio

K7

Minta