
GROHE TEMPESTA ДУШ ЖҮЙЕЛЕРІ
Арманыңыздағы жаңа ванна бөлмесінің жобасы үшін тек душ таңдау ғана қалса, іздеуді тоқтата беруге болады — GROHE Tempesta душ жүйесінен сіз барлық заманауи талапқа сай келетін тамаша үміткерді таба аласыз. Орнатудың қарапайымдылығы және душ қабылдау кезінде ең жағымды сезімдерді тудыратын соңғы технологиялармен жабдықталуы сізді Tempesta душ жүйесі сөзсіз таңдау екеніне сендіреді. Tempesta жинақтамасы әртүрлі баға критерийлерін ескере отырып әзірленді, осылайша кез келген адам GROHE душтарын ерекшелендіретін сезімдерді сезіне алады. Жүйе сізге қажет нәрсенің бәрін қамтитындықтан, оны сатып алу кезінде сіз уақыт пен шығындарды үнемдей отырып, қосымша компоненттерді сатып алу немесе орнату қажеттілігінен босатылатын боласыз.
GROHE TEMPESTA ДУШ ЖҮЙЕСІ — ЛАЙЫҚТЫ ТАҢДАУ

Tempesta душ жүйелері тиісінше көрініп қана қоймай, сонымен қатар душ қабылдаудан барынша ләззат алуға арналған көптеген функциялармен жабдықталған. Ұзындығы 390 мм болатын проекциялық душ қарнағы бір жағынан екінші жағына бұрыла алады, осылайша сіз душ қабылдау үшін ыңғайлы болатын мінсіз бұрышты таңдай аласыз. Душ қарнағындағы сырғанау элементі жоғары және төмен оңай қозғалады, сондықтан барлық отбасы мүшесі бойларына қарамастан, бірдей тамаша сезімдерден ләззат ала алады.
TEMPESTA ДУШ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Технология GROHE DreamSpray әрбір жеке форсункаға суды дәлірек және біркелкі таратуға арналған.
Хромдалған жабын GROHE StarLight ластануға және сызаттарға өте төзімді берік жабын үшін.
Қақтан қорғау жүйесі GROHE SpeedClean қақтың түзілуіне жол бермейді, сонымен қатар душтың су сепкішін тазалауды жеңілдетеді.
WaterGuide ішкі жүйесі күйіп кетуден қорғайды және хромдалған жабынның қызмет ету мерзімін ұзартады.

Душ қабылдаудың мінсіз ләззаты сізге таныс, оған еш нәрсе тең келмейді деп санасаңыз, онда термостаты және 210 не 250 мм душ бастиегі бар Tempesta душ жүйесі сізге осы технологиялардың арқасында одан да тамаша сезімдерді сыйлайды:
GROHE TurboStat технологиясыбелгіленген температурадағы судың бір секундтан да аз уақыттан кейін және душ қабылдау барысында тұрақты жеткізілуін қамтамасыз етеді.
Температура шектеуіші GROHE SafeStop оны кездейсоқ 38 °C-тан жоғары орнатуға мүмкіндік бермейді және осылайша күйіп қалудың алдын алады.
GROHE SafeStop Plus функциясы 43 °C-қа қосымша температура шектегішін орнатуға мүмкіндік береді.
Механизм GROHE Twistfree құбыршектің ширатылуына және шатасуына жол бермейді — ол әрқашан тегіс ілініп тұрады.
TEMPESTA 250 ЖӘНЕ TEMPESTA CUBE ДУШ ЖҮЙЕСІН ҰСЫНАМЫЗ

Сапа біз үшін басымдық болғандықтан, GROHE компаниясы әрқашан өз тұтынушыларына ең озық технологияларды қолданатын ең жақсы шешімдерді ұсынуға тырысады. Tempesta 250 душ жүйесінің артықшылығы – дәл осында. Сіз жұмыр немесе жұмырланған шаршы бастиекті таңдай аласыз, ал заманауи және стильді дизайн кез келген ванна бөлмесіне сәйкес келеді. Tempesta 250 душ жүйесінде ағынды одан да біркелкі тарату үшін ені 250 мм болатын үлкейтілген бастиек қолданылады. Бұл теріні жайландыратын жұмсақ және жағымды ағын жасауға мүмкіндік береді. Rain ағыс режимі жазғы себелеген жаңбырдың жеңіл сезімін жандандырады, судың толық және біркелкі таралуын қамтамасыз етеді және күйзелістен арылтады десе де болады: сіз өзіңізді сергек және босаң сезінесіз.

GROHE EcoJoy технологиясымен жабдықталған душ жүйелерісу мен электр энергиясын үнемдеуді ескере отырып әзірленген, сондықтан құнды ресурстарды сақтауға көмектеседі. Ағынды шектегіш су шығынын минутына 9,5 литрге дейін төмендетіп, тұтынылатын суды өнімділікке зиян келтірместен 40 %-ға дейін үнемдейді: сіз әр уақытта тамаша ағыннан ләззат ала аласыз.
Tempesta 250 душ жүйелері мінсіз сай келетін, жұмыр немесе жұмырланған шаршы бастиегі бар Tempesta қолға ұстайтын душтарын да қамтиды. Ағыс режимдері арасында оңай ауысу функциясы сізге босаңсуға, сергіп алуға немесе өзіңізді жаңарғандай сезінуге мүмкіндік береді.

«Tempesta 250 немесе Tempesta 250 Cube душ жүйесін таңдау арқылысіз дөңгелек немесе шаршы түрінде орындалған Tempesta жоғарғы душына, дәл осындай пішіндегі Tempesta 110 қолға ұстайтын душына, термостатқа, 180°-қа айналу мүмкіндігі мен реттелетін ұстағышы бар 390 мм көлденең душ кронштейніне, сондай-ақ Twistfree 1750 мм құбыршегіне ие боласыз. Сонымен қатар сіз жоғарғы және қолға ұстайтын душтар арасында оңай ауысуға мүмкіндік беретін AquaDimmer инновациялық функциясын қолдана аласыз. Қолдарыңыз дымқыл болса да, эргономикалық тұтқаларды пайдалану өте оңай. Егер сіз сабынды қолданғаннан кейін қоюға орын іздеп әуре болсаңыз, біз сіздің барлық душ керек-жарағыңызды сақтауға ыңғайлы орын болатын GROHE EasyReach сөресін ұсына аламыз.
Ваннаға арналған термостаты бар GROHE Tempesta 250 душ жүйесімен сіз душ кабинасы болмаса да, Tempesta 250 артықшылықтарынан ләззат ала аласыз. Бұл модельде ваннаға арналған шүмек бар, сондықтан сіз Tempesta шешімдерінің ыңғайлылығы мен жайлылығын толық сезінесіз.»
FLEX ЖҮЙЕСІМЕН ОҢАЙ ОРНАТУ
Tempesta 250 душ жүйелері термостаттық немесе бір иінтіректі араластырғышпен және ағыс режимін ауыстырып-қосқышы бар Flex жүйелері ретінде орындалған, бұл болса бүкіл душ кабинасын өзгерткіңіз келмеген жағдайда кез келген қосылымдармен үйлесімділікті қамтамасыз етеді. Flex душ жүйелері керемет көп функциялы және оңай орнатылады. Сіз оларды қосылыммен оңай байланыстыра аласыз, бұл қабырға бетіне плитка жабыстыруға жұмсалатын ақшаны үнемдейді. Бар болғаны ескі душты қабырғадан ажыратыңыз, бар тесіктерді пайдалануға болатынын тексеріңіз (олар бір-бірінен 620 мм қашықтықта болуы керек), GROHE Flex душ жүйесін құрастырып, оны қабырға қосылымына жалғаңыз, бір құбыршекті — қолға ұстайтын душқа, екіншісін араластырғышыңызға жалғаңыз және жаңа жақсартылған ванна бөлмесінен ләззат алыңыз.
Tempesta-ның қай нұсқасын таңдасаңыз да, бұл қолжетімді бағамен ұсынылатын теңдесі жоқ шешім болатыны сөзсіз. GROHE өнімдерінің көптеген функциялары мен заманауи тұрақтылық технологиялары сіздің көңіліңізден шығады, ал GROHE бес жылдық кепілдігі мен сапа бойынша міндеттемелері сіздің тыныштығыңызды қамтамасыз етеді.

1. Душ гарнитурыңызды ажыратыңыз.

2. Қолданыстағы тесіктерді пайдалануға болатынын тексеріңіз (қашықтығы 620 мм).

3. GROHE Flex душ жүйесін құрастырып, ұстағыштың бұрышын реттеңіз.

4. GROHE Flex душ жүйесін қабырғаға бекітіңіз.

5. Бір құбыршекті – қолға ұстайтын душқа, екіншісін араластырғышқа жалғаңыз.

6. GROHE Flex душ жүйесі бар жақсартылған ванна бөлмесінен ләззат алыңыз.
Брошюра
ТОЛЫҒЫРАҚ

Tempesta душ жүйелері тек сыртқы түрімен ғана емес, сонымен қатар душ қабылдаушы үшін теңдесі жоқ ләззат алуға жауап беретін көптеген функционалдық артықшылықтарымен де ерекшеленеді. Мысалы, ұзындығы 390 мм болатын душ кронштейні екі жаққа да айналады, бұл ең жағымды сезімдер үшін оңтайлы су беру бұрышын реттеуге мүмкіндік береді. Қолға ұстайтын душтың сырғымалы ұстағышы қарнақты жоғары және төмен оңай жылжытады, осылайша бойы әртүрлі пайдаланушылар осы душ жүйесі сыйлайтын тамаша сезімдерді бағалай алады.
TEMPESTA ДУШ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:
- Технология GROHE DreamSpray душ бастиегінің барлық форсункасына су ағынының мүмкіндігінше дәл және біркелкі таралуын қамтамасыз етеді.
- Хромдалған жабын GROHE StarLight ластануға және тозуға қарсы тұру қабілеті аса жоғары болып табылатын тозуға төзімді бетті жасайды.
- Форсункалар SpeedClean әк қағының түзілуіне жол бермейді және душ бастиегін тазартуды жеңілдетеді.
- Күйік шалудың алдын алу және хромдалған жабынның қызмет ету мерзімін ұзарту үшін душ бастиектерінде жылу оқшаулағыш ішкі өзек қарастырылған (Inner WaterGuide).

Кіріктірілген технология GROHE EcoJoy Tempesta душ жүйелерін су мен энергияны үнемдейтін сындарлы қабілетпен қамтамасыз етеді, осылайша құнды ресурстарды үнемдейді. Су шығынын шектегіш бұл көрсеткішті минутына 9,5 литрге дейін төмендетеді, ал суды үнемдеу стандартты параметрлерге қатысты тұрғыда 40 %-ға жетеді, бірақ бұл су ағынынан алатын әсерлерге әсер етпейді – олар мінсіз болып қала береді.