
Добро пожаловать в мир Grohe SPA: Вдохновение для идеального пространства
Біз сіздің жуынатын бөлмеңіз тек функционалды ғана емес, сонымен қатар шабыт көзі, демалуға және күшіңізді қалпына келтіруге арналған орын болуы тиіс деп сенеміз. Біз сізге өзіңіздің даралығыңыз бен стиліңізді көрсететін тамаша кеңістік жасауға көмектесетін дайын дизайнерлік шешімдер топтамасын жинадық.
Grohe SPA эксклюзивті топтамасына арналған дайын шешімдермен танысуды ұсынамыз.
СІЗДІҢ ВАННА БӨЛМЕҢІЗДІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Red Dot сыйлығының лауреаты Atrio Private Collection (Atrio жеке топтамасы) желісі дербестікке сүйенеді. Caesarstone иінтірек-тұтқаларының, түстерінің және сәндік саптамаларының кең ассортименті GROHE өнімдеріне жуынатын бөлменің интерьерімен тамаша үйлесімді болуға мүмкіндік береді.
Топтама түрлі стильдерге арналған: дизайн эстетикасы минимализмнен классикаға дейін өзгереді, сонымен қатар осы өнім желісінің негізгі дизайнерлік ерекшеліктеріне берік болып қалады. Айқын сызықтар мен дөңгелек пішіндер өзінің өзектілігін ұзақ уақыт сақтауға қабілетті "уақыттан тыс дизайн" ретінде анықтауға болатын сыртқы көріністі береді.





Жобада пайдаланылған GROHE өнімдері
ЕРКІН СТИЛЬ ЖАСАУ ҮШІН КЕҢ ТАҢДАУ
GROHE Grandera желісімен ванна бөлмесінде еркін шынайылық атмосферасын жасау оңай. Жобаның көлемі мен ауқымына қарамастан, сіз үшін тамаша шешім табылады. Өнімнің кең желісі шұңғылшаға арналған әртүрлі қоспалағыштарды, биде, душ, ванна бөлмелеріне арналған көзтартарлық едендік қоспалағыштарды қамтиды − мұнда сәнді ванна бөлмесінің әрбір элементі ойластырылған.
Қабырғаға немесе шұңғылшаға орнатуға арналған модельді, жасырын немесе беткі орнатуды, ванна немесе душ қоспалағышын қаласаңыз да, әрбір бұйымда бөлшектер мұқият пысықталған және бірыңғай Grandera стилі сақталған.





