Euro Ceramic Wall hung WC set
alpine white
Тамсандыру үшін жасалған! Қабырғаға орнатылатын GROHE Euro Ceramic унитазы – жұмыс сапасы мен гигиенаның жаңа эталоны.
Жаңа GROHE Euro Ceramic унитаз жиынтығының тазалау қуаты өте жоғары және сыртқы көрінісі тартымды. Қабырғаға орнатылатын унитаз ванна бөлмеңізге әдемі әрі заманауи көрініс береді, ал жасырын бекіткіштері бар біртұтас дизайны (жоғарыдан оңай орнатуға арналған жиынтығы қоса беріледі) озық технологияны жасырып тұрады. Дәретшанақтың жиексіз болуы бактериялар мен кірге жасырынатын орын қалдырмай, тазалауды жеңілдетеді, ал жетілдірілген GROHE TripleVortex технологиясы үш су шығару тесігі арқылы күшті, бірақ дыбыссыз, жан-жаққа шашырамайтын және тиімді құйын жасап, унитаздың әр бұрышын тазартады. Шаятын су көлемі 4,5/3 литр құрайды. Инновациялық GROHE HyperClean шыңылтыры оңтайлы гигиенаны қамтамасыз етеді, өйткені дәретшанақтың аса тегіс беті белгілі бактериялардың 99%-дан астам түріне қарсы тұрады. Оған қоса унитаздың әдемі пішіні оның дәретшанағы мен сифонын бұрыштарсыз үйлесімді түрде біріктіріп, тазалықты арттырады. Берік Duroplast материалынан жасалған отырғыш тез шешіп алынады. Унитаздың дәретшанағы берік тот баспайтын болаттан жасалған жылдам алынатын ілмектермен жабдықталған. Сонымен қатар жатық жабылу функциясы қақпақ пен отырғыштың баяу әрі ақырын қозғалуын қамтамасыз етіп, тарс етіп жабылуына жол бермейді және саусақтар қысылып қалмайды. Біздің стильді әрі әмбебап Euro Ceramic топтамамыз ванна бөлмесінде эстетикалық үйлесім қалыптастыру үшін Eurosmart, Eurosmart Cosmopolitan және Cubeo қоспалауыштарына тамаша сәйкес келеді. GROHE керамикасын таңдай отырып, сіз сантехникалық жабдықтар жасау саласындағы үздік тәжірибеміздің артықшылықтарын, сондай-ақ LIXIL атты беттер технологиясы саласындағы жетекші брендтің 100 жылдық техникалық басымдығын сезінесіз. GROHE Euro Ceramic заманауи ванна бөлмелерінің дизайнын жасауда жаңа стандарттар белгілейді!
Өнімнің негізгі қасиеттері
- consisting of:
- Euro Ceramic wall hung WC with Triple Vortex (102 485 SH00)
- for concealed cistern
- horizontal outlet
- rimless
- class 1, full flush 5 l, 4 l according to EN997
- flushes with 3 l, 2 l for small flush
- flushes with 6 l for full flush
- with antibacterial glazing HyperClean
- sanitary ware
- fully skirted with invisible fixation
- Euro Ceramic WC seat with lid soft close (102 501 SH00)
- soft close
- quick release function
- detachable
- material: Duroplast
- including fixation set
Техникалық өнім туралы ақпарат
CAD Data
Қызмет көрсету орталығы
GROHE Service
Астана, ЖК Кран, Абая даңғылы 94, 2-қабат
Алматы, СЦ Бесараб, Шевченко көшесі 204а
Алматы, ЖК Абраев, Бегалина көшесі 68
Жұмыс уақыты
| ДС. - ЖМ. | 9:00 - 18:00 |
|---|