Grohtherm SmartControl Concealed shower system with Rainshower SmartActive 310
Суперболат түсті GROHE Grohtherm SmartControl жасырын душ жүйесі жоғары деңгейлі жұмыс сапасын, айқын стильді және пайдаланушы қауіпсіздігін ұсынады!
Душ қабылдау жанға жайлы болуы үшін қажетті нәрселердің бәрі бір жиынтықта қамтылған тот баспайтын болат түсті, ұзақ мерзімге жарамды, көзтартарлық, әсем GROHE Grohtherm SmartControl жасырын душ жүйесі ванна бөлмеңізге бірден стиль мен сән-салтанат қосады! Жасырын орнатуға арналған Rapido SmartBox әмбебап кіріктірілетін бөлігімен қосылған тартымды әрі өте жіңішке Grohtherm SmartControl термостаты әдемі заманауи көрініске ие, ал неміс технологиясы душтың дәл жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. GROHE TurboStat термостатты картриджі судың оңтайлы температурада тұрақты берілуін қамтамасыз етіп, энергия мен су тұтыну мөлшерін азайтады. Инновациялық GROHE SmartControl технологиясы душты жеңіл басқаруға мүмкіндік береді: Қалаған ағын режимін таңдаңыз және батырманы басып бұрау арқылы су көлемін үнемдеу деңгейінен толық деңгейге дейін реттеңіз. Үш клапан толық икемділікті қамтамасыз етеді, яғни сіз әртүрлі ағын режимдері мен су шығару тесіктерін ауыстырып қоса аласыз немесе тіпті оларды біріктіріп қолдана аласыз. Сонымен қатар ол отбасы мүшелерінің қолдануына ыңғайлы, өйткені GROHE SafeStop батырмасы 38 C-қа орнатылған, сондықтан күйіп қалу қаупі енді жоқ. GROHE SafeStop Plus қосымша функциясы қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін судың температурасын 43°C немесе 46°C шегінде орнатуға мүмкіндік береді. 430 мм кронштейні бар 310 мм жалпақ үстіңгі душ екі түрлі су ағынын береді: жұмсақ әрі босаңсытатын GROHE PureRain және шашты шаюға, теріні сергітуге өте қолайлы қуатты ActiveRain. 130 мм қол душы* үш тамаша ағын режимін ұсынады: сергітетін массаж беретін пульсациялы ActiveMassage ағыны, жуынуға арналған қуатты Jet ағыны және жазғы жаңбырдай жұмсақ Rain су ағыны. Ал ағын режимдері арасында ауысу эргономикалық GROHE SmartTip контроллері арқылы өте оңай жүзеге асырылады. Оған душ бұрмасы бар ұстағыш және ұзындығы 1500 мм шланг кіреді. GROHE DreamSpray технологиясы әрбір SpeedClean силикон саңылауынан ағынның біркелкі шығуын қамтамасыз етеді, саңылауларды саусақпен жай сүрту арқылы тазалауға болады. Сызатқа төзімділігі арттырылған GROHE LongLife PVD қабатының арқасында бұл жиынтық бүкіл пайдалану мерзімінде мінсіз күйін сақтайды. Жақсы жаңалық – сәндік жиынтық GROHE FastFixation жүйесінің көмегімен жылдам әрі оңай орнатылады, оның бұғаттау жүйесі, жабылған сәндік жапсырмасы және білік тығыздағышы бар. Бұл ағып кету қаупін жояды! * Жиынтыққа 9,5 л/мин су үнемдейтін қосымша ағын шектегіш кіреді.
Өнімнің негізгі қасиеттері
- consisting of:
- concealed thermostat with 3 valves (29 121)
- GROHE Rapido SmartBox universal rough-in box, 1/2" (35 604)
- Rainshower SmartActive 310 head shower set 2 sprays (26 475) including horizontal shower arm 430 mm and head shower rough-in (26 483)
- Rainshower SmartActive 130 hand shower 3 sprays
- shower outlet elbow 1/2" with holder (26 658)
- Silverflex shower hose 1500 mm 1/2" x 1/2"
- optional flow regulator 9.5 l/min included for hand shower
Техникалық өнім туралы ақпарат
CAD Data
Қызмет көрсету орталығы
GROHE Service
Астана, ЖК Кран, Абая даңғылы 94, 2-қабат
Алматы, СЦ Бесараб, Шевченко көшесі 204а
Алматы, ЖК Абраев, Бегалина көшесі 68
Жұмыс уақыты
| ДС. - ЖМ. | 9:00 - 18:00 |
|---|