GROHE-НІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУ САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТЫ
Тұрақты дамуға қатысты біздің қағидаттарымыз
GROHE бренді сапа, технология, дизайн және экологиялық құндылықтарын қамтиды. Экологиялық адамдар мен қоршаған орта алдында жауапкершілікті білдіреді. Бұл жауапкершілік энергияны үнемдейтін технологиялар мен өндірістік процестерден бастап ресурстарды тиімді пайдалануға, тұтынушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыруға және қоғам алдындағы жауапкершілікке дейінгі көптеген аспектілер арқылы көрінеді.
Демек, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды үнемдеу, сондай-ақ еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтау біздің қызмет стратегиямыздың маңызды және ажырамас элементтерін білдіреді.
Осыған сүйене отырып, құқықтық нормалар мен қолданыстағы ресми талаптарды сақтау біздің компания үшін өзгермейтін міндет болып табылады.
Мұнымен шектелмей, GROHE компаниясы өз өнімдерін, процестері мен қызметтерін, әсіресе қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды үнемдеу, сондай-ақ еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтау тұрғысынан үздіксіз жетілдіруге ұмтылады.
Біз бұл үшін барлық қажетті ақпарат пен ресурстарды ұсынамыз.
Тұрақты дамуға қатысты аталған қағидаттар мен ережелер стратегиялық және жедел міндеттер қою үшін негіз қалыптастырады және барлық өндірістік кәсіпорындардың, орталық өкілдіктердің және біздің құрылымның бүкіл әлемдегі еншілес компанияларының барлық қызметкерлерінің сақтауына міндетті.
Біздің компанияның басшылық құрамына ерекше жауапкершілік жүктелген. Жеке мысал келтіре отырып, олар әріптестеріне қоршаған ортаны қорғау және ресурстарды үнемдеу, сондай-ақ еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтау қағидаттарын меңгеруге көмектеседі және біздің корпоративтік мәдениетімізде осы қағидаттардың тамырлануына ықпал етеді.
Біздің тұрақты даму саласындағы ережелеріміз
Біздің ӨНІМДЕР пайдаланушылардың энергетикалық және су ресурстарын жауапты және қауіпсіз тұтынуын қамтамасыз етуі керек. Сонымен қатар, өнімді жобалау және әзірлеу кезеңінде ресурстарды үнемді пайдалануды және ұзақ қызмет ету мерзімін қамтамасыз ететін қауіпсіз өнімді құру мақсатында оның бүкіл өмірлік циклі ескеріледі.
Біз экономикалық факторларды ескере отырып, өз ПРОЦЕСТЕРІМІЗДІ қоршаған ортаны қорғау, ресурстарды тиімді пайдалану, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарына сәйкестікке барынша жақындатуға тырысамыз. Қолданыстағы және жоспарланған процестер ықтимал кернеу көздерін азайту мақсатында қоршаған ортаға, ресурстарды пайдалануға, еңбекті қорғауға және қауіпсіздік техникасына әсер ету өлшемшарттары бойынша жүйелі түрде талданады.
Бұдан басқа, біз адам мен қоршаған орта үшін біздің қызметіміздің қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету мүддесінде жазатайым оқиғалар мен апаттық жағдайлардың алдын алу үшін арнайы шаралар кешенін қолданамыз.
Біздің ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР қоршаған ортаны қорғау, ресурстарды үнемдеу және еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелері бойынша тұрақты нұсқау мен дайындықтан өтеді. Біз сондай-ақ осы бағыттар бойынша жұмысымызды жақсартатын қызметкерлеріміздің бастамаларын іске асыруды ынталандырамыз.
Біз КЛИЕНТТЕРІМІЗДІҢ қоршаған ортаны қорғауға, ресурстарды үнемдеуге және еңбекті қорғау мен қауіпсіздік талаптарын сақтауға қатысты талаптарын ескереміз, сондай-ақ тиісті мәселелер бойынша қажетті қолдау көрсетеміз.
Біз өз ЖЕТКІЗУШІЛЕРІМІЗБЕН және ҚЫЗМЕТПРОВАЙДЕРЛЕРІМІЗБЕН серіктестер ретінде, соның ішінде қоршаған ортаны қорғау, ресурстарды үнемдеу және еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасаймыз. Осы бағыттар бойынша көрсеткіштерді жақсарту жөніндегі шаралар біздің тарапымыздан талап етіледі және көтермеленеді.
ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК біздің тұрақты даму саласындағы стратегиямыздың маңызды элементі болып табылады. Осыны басшылыққа ала отырып, біз қоғамның мүдделі өкілдерімен ашық және сындарлы диалогты қолдаймыз, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауды, ресурстарды үнемдеуді және еңбекті қорғау мен қауіпсіздік талаптарын сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар мен бастамаларды іске асыруға ықпал етеміз.
Дюссельдорф, 2016 жылғы мамыр
GROHE AG
Директорлар кеңесі
B.A.U.M қауымдастығы қабылдаған тұрақты даму қағидаттарына сәйкес қызметті жүргізу кодексі.
2016 жылдан бастап GROHE компаниясы B.A.U.M.
Экологиялықты басқарудың неміс қауымдастығының (B.A.U.M.) белсенді мүшесі, Еуропадағы экологиялық бизнестің ең ірі корпоративтік және ақпараттық бірлестіктерінің бірі болып табылады.
B. A. U. M. қауымдастығының мүшесі бола отырып, біз ол қабылдаған экологиялық қызмет ету кодексін ұстанамыз және оны жүзеге асыруға ықпал етеміз:
Орнықтылық қағидаттарына сәйкес қызметті жүргізу үшін жауапкершілік
Біздің кәсіпкерлік мінез-құлқымыз орнықты дамып келе жатқан экономикалық жүйенің негізгі қағидаттарына жауап береді, бұл экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тұрғыдан қолайлы қызметті жүргізуді білдіреді. Коммерциялық кәсіпорындар жаһандық, әлеуметтік және экологиялық жүйелердің ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады. Демек, біз ғаламшарымыздың, адамзат қоғамының және табиғаттың болашағы үшін жауаптымыз. Тұрақты даму қағидаттары біздің компанияның регламенттеуші құжаттары мен мақсаттарына біріктірілген. Қызметті жүргізуге орнықты тәсілді іске асыру үздіксіз процесс болып табылады және осы бағыт бойынша заңнамада көзделген құқықтық минимумдардан асып, біздің компания құрылымының барлық деңгейлерінде және барлық элементтерінде басымдықтың жоғары деңгейіне ие.
Табиғат үшін жауапкершілік
Біздің компания Жердегі тірі табиғатты сақтау және ресурстарды ұтымды пайдалану үшін жауапкершілікпен жұмыс істейді. Біз қоршаған ортаға тигізетін әсерімізді барынша азайтуға тырысамыз және биоәртүрлілікті сақтауды қолдаймыз. Біздің өнімдеріміздің, қызметтеріміздің және процестеріміздің экологиялық тазалығын арттыруға бағытталған үздіксіз жұмыс біздің қызметке деген көзқарасымыздың негізгі буыны болып табылады. Біз табиғи ресурстар мен материалдарды барынша ұтымды пайдалануға тырысамыз. Бұл ретте біз өнімнің өмірлік циклінің бүкіл тізбегін, оның ішінде оны пайдалану және қызмет ету мерзімі өткеннен кейін кәдеге жаратуды ескереміз. Біз компоненттерді мүмкіндігінше циклдік өндіріс моделінің қағидаттары бойынша қолдануға тырысамыз. Біз өз жеткізушілеріміз бен клиенттерімізді де осы процеске қосамыз.
Қоғам алдындағы жауапкершілік
Біз өз қызметкерлеріміз үшін, сондай-ақ мәдени және әлеуметтік қауымдастық үшін жауаптымыз. Біз тек өз қызметкерлерімізге ғана емес, сонымен қатар жеткізушілеріміздің қызметкерлеріне де адам құқықтары мен лайықты еңбек жағдайларына құқықтардың сақталуын қамтамасыз етуге тырысамыз. Біз балалар еңбегіне және қанау мен сыбайлас жемқорлықтың барлық басқа түрлеріне қарсы тұрамыз. Біз қоғамдық өмірдің барлық салаларында әлеуметтік-мәдени әртүрлілікті қолдаймыз және көтермелейміз.
Болашақ ұрпақтар алдындағы жауапкершілік
Біздің іс-әрекетке деген көзқарасымыз қоршаған орта мен қоғам үшін ағымдағы, мүмкін және болжамды тәуекелдердің алдын алу қағидаттарына сәйкес келеді. Біз бизнеске экологиялық тұрғыдан қараудың көптеген мүмкіндіктерін пайдалану арқылы өзіміздің кейінгі қызметімізді белсенді түрде қалыптастыруға және оған бағыт-бағдар беруге тырысамыз.
Ашықтық үшін жауапкершілік
Біз компаниямыздың экологиялық таза көрсеткіштерінің жай-күйі бойынша ішкі және сыртқы пайдалану үшін егжей-тегжейлі және ашық есептерді үнемі дайындап, шығарамыз. Бұл есептер аралық нәтижелерді, мәселелер мен мақсаттарды, сондай-ақ одан әрі жақсарту үшін қажетті шараларды көрсетеді. Біз барлық мүдделі тараптармен диалогқа ашықпыз, экологиялық мәселелеріне қатысты өзекті ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарына ұсынамыз және билік органдарымен, қауымдастықтармен және басқа да уәкілетті ұйымдармен ынтымақтасамыз.